Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Маңғыстау облысы әкімдігінің 30 қызметтік көлігі емханаларға берілді

turkystan.kz

Маңғыстау облысы әкімдігінің 30 қызметтік көлігі емханаларға берілді

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың тапсырмасымен бүгін облыс әкімдігінің 30 қызметтік көлігі Ақтау қаласындағы емханаларға берілді, – деп жазды ҚазАқпарат. Пандемия кезінде мобильдік топтағы учаскелік дәрігерлер тұрғындардың шақыртуына енді осы көліктермен барады. Бұл емханалардағы көлік тапшылығын азайту үшін қолға алынып отыр. Қазіргі кезде әкімдік қызметкерлерінің бір бөлігі онлайн режимінде жұмыс істейді. Сол себепті, мемлекеттік қызметкерлер осы көліктер қазіргі кезде дәрігерлерге қажет деп санайды. Облыс әкімдігі көліктерді дезинфекциялауды, жанар-жағармай құюды, көлік жүргізушілерін жеке қорғаныш құралдарымен қамту және өзге де шығындарды өз мойнына алады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024