Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкентте атыс болып, 4 адам қаза тапты

azattyq-ruhy.kz

Шымкентте атыс болып, 4 адам қаза тапты

Шымкентте қарулы қақтығыс салдарынан 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Еуразия» телеарнасы. Оқиға кешкі уақытта болған. Көшеде ойнап жүрген балалар ересектерге келіп, жол бойында екі адамның өлі денесі жатқанын айтыпты. Оқиға орнына дереу полциия шақырылған. Белгілі болғандай, оқ атқан адам сол шағынауданда тұрады екен. Ол үйінен қару алып шығып, көшеде көлікте отырған екі ер адамды атып тастапты. Артынша үйіне кіріп әйел адамды өлтірген. Соңында өзіне оқ атып, өмірмен қоштасқан. Әзірге көз жұмған әйелдің оған кім болатыны анықталған жоқ. Полиция департаменті аталған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасаған жоқ.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024