Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда 7,5 миллионға жуық маска тәркіленді

turkystan.kz

Алматыда 7,5 миллионға жуық маска тәркіленді

Алматы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі БАҚ беттерінде жарияланған ақпаратқа талдау жасау арқылы медициналық бұйымдарды заңсыз сату деректерін әшкереледі. ҚазАқпараттың хабарлауынша, жедел тергеу жұмыстары барысында құны 27 млн теңге болатын 1 млн маска тәркіленген. Заңсыз саудамен айналысқан адамдарға қатысты ҚР 189-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Белгілі болғандай, бұйымдар астыртын қоймадан шыққан. Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері сол жерге барып, жедел тергеу амалдарын жүргізді. Тінту барысында 6 млн 400 мың маска табылды. Жалпы кеше Алматы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі 7 млн 400 мың маска тәркіледі.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024