Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Хоккейден Президент кубогы биыл өткізілмейді

inform.kz

Хоккейден Президент кубогы биыл өткізілмейді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Елордада жыл сайын ұйымдастырылатын шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті кубогы биыл өткізілмейді. Бұл жөнінде Аталған турнир 7-11 тамыз күндері өтуі тиіс еді. Оған елордалық «Барыстан» өзге Оңтүстік Корея құрамасы, Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) және Беларусьтың «Динамо» (Минск) командаларының қатысуы жоспарланған болатын. Ел Үкіметінің шешімімен карантиндік шектеу шаралары 2 тамызға дейін ұзартылды. Осыған орай «Барыс» маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынын 3 тамыздан кейінге шегеру туралы ұйғарымға келді. Ал жылма-жыл ұйымдастырылып жүрген Қазақстан Президенті кубогын өткізілмейтін болды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024