Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтауда мыңнан астам зейнеткер мен көпбалалы отбасыға тегін дәрі үлестірілді

inform.kz

Ақтауда мыңнан астам зейнеткер мен көпбалалы отбасыға тегін дәрі үлестірілді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда кәсіпкерлердің қолдауымен РФ Астрахан қаласынан дәрі-дәрмектер жеткізілді. Олар көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға тегін үлестірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атап айтқанда, Ақтау қаласындағы әлеуметтік көмек алатын 555 отбасы, 313 көпбалалы ана, 516 әр түрлі топтағы мүгедектер мен жалғыз басты зейнеткерлер, көмекке зәру тағы 80 адамға парацетомол және аспирин дәрілері тегін таратылды. Гуманитарлық көмек жалпы саны 1464 адамға көрсетілді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024