Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

БҚО-да найзағай бүтін бір ауылды өртеп жібере жаздады

azattyq-ruhy.kz

БҚО-да найзағай бүтін бір ауылды өртеп жібере жаздады

Батыс Қазақстан облысында найзағай түсуінен алдымен дала өртеніп, кейін қызыл жалын Ақжайық ауданындағы Коловертное ауылын түгелдей өртеп жібере жаздады. Елдімекенде екі үй мен бірнеше қора күлге айналған, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Ақжайық ауданындағы дала өрті 13 шілдеде басталған. Оны сөндіруге Атыраудан МИ-884 тікұшағы тартылды. Алайда, ыстық ауа мен жел оттың тез таралуына себеп болды. «Шағатай мен Ақсоғым ауылдарының іргесінде құрғақ шөп өртенді. Сағат 16:00 шамасында жалын Коловертное ауылындағы Орал өзеніне жетті. Өзеннің ені 100 метр. Алдын ала болжам бойынша 5 гектар дала өртенген. Сондай-ақ, екі үй мен төрт қораны да от шарпыды. 42 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024