Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Денсаулық сақтау саласына түсетін негізгі көрсеткіштер жүктемесі төмендеді - Цой

baq.kz

Денсаулық сақтау саласына түсетін негізгі көрсеткіштер жүктемесі төмендеді - Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн өткен Үкімет отырысында айтты. Қазақстанда 3 тамыздағы жағдай бойынша 93 820 науқас тіркелді, оның ішінде 27 597 науқас емделіп жатыр. Ал 65 132 науқас сауығып шығып, 1091 науқас көз жұмды. Республика бойынша науқастардың тіркелуі өткен аптамен салыстырғанда 18 пайызға төмендеді. Карантиннің 4 аптасында кереуеттерді пайдалану 55 пайызға, жансақтау орындарын пайдалану 36 пайызға төмендеді. Сауығып шыққандар саны 64,6 пайызға артты. Коронавирус жағдайына қатысты жедел жәрдем қызметін шақыру 40 пайызға төмендеді, - деді ол. Цой айтқандай, инфекцияның репродуктивтілігі 1,2 пайыздан 0,89 пайызға дейін төмендеген.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024