Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қарағандылық алаяқ шаруа қожалығы басшысының 23 млн теңгесін иемденіп кеткен

inform.kz

Қарағандылық алаяқ шаруа қожалығы басшысының 23 млн теңгесін иемденіп кеткен

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды полицейлері шаруа қожалығының басшысын алдаған алаяқты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат 3 тамызда Қарағанды қалалық ПБ Оңтүстік-шығыс бөліміне шаруа қожалықтарының бірінің 27 жастағы директоры шағым түсірген. Ол екі жыл бұрын тағы бір шаруа қожалығының басшысынан ірі қара малды сатып алмақшы болған. Ол серіктесінің адалдығына сенімді болып, 23 миллион 400 мың теңге берген. Арада екі жылға жуық уақыт өтсе де, уәде етілген ірі қара малды көрмеген. Ақшаны да қайтармағаны. Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады, ол 50 жастағы ер адам болып шықты. ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық жасау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024