Алматыда 360-тан аса қосымша «Сергек» камерасы орнатылады

Алматыда 360-тан аса қосымша "Сергек" камерасы орнатылады. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді. «Бүгінде қаладағы жағдайды бақылау, қоғамдық тәртіпті, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында "Жол қауіпсіздігі" және "Сергек" сынды ақпараттық жүйелер пайдаланылып жатыр. Олардың санын тағы 362-ге арттыруды жоспарлап отырмыз. Олар қаладағы жол апаты жиі болатын, жол жүру ережесі жиі бұзылатын орындарда орнатылады. Әкімшілік полиция басқармасы арнайы сараптама жүргізді», - деді Қанат Таймерденов. Сондай-ақ, Алматы қаласының полиция департаментіндегілер 6 айда бейне-бақылау камеларының көмегімен 3 392 қылмыс ашылғанын атап өтті. Abai.kz
- Соңғы
- Шілде, 02
-
- Шілде, 01
-
- Маусым, 30
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 28
-
- Маусым, 27
-
-
-
- Маусым, 26
-
-
- Маусым, 23
-
-
-
- Маусым, 21
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
3 шілде 2025
3 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар