Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Атырауда 4 көлік соқтығысып, 1 адам ауруханаға түсті

baq.kz

Атырауда 4 көлік соқтығысып, 1 адам ауруханаға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда 4 көлік соқтығысып, 1 адам аурухана төсегіне таңылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Жол-көлік оқиғасы кеше, 7 тамызда сағат 19:00 шамасында Атырау қаласындағы Алмагүл ықшам ауданында болған. Kia Rio көлігінің жүргізушісі жолда жүру ережесін сақтамай, бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрса да тоқтамаған. Сөйтіп, әуелі Nyundai Elantra көлігіне соқтығысқан. Бұдан соң Skoda Octavia мен Volkswagen Touareg көліктерімен түйіскен. Оқиға салдарынан жол ережесін бұзған көлік жүргізушісі аурухананың жансақтау бөліміне түсті. Ал,тағы 2 адам №7 емхана дәрігерлерінің медициналық тексеруінен соң үйіне жіберілген.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024