Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы облысында әскерилердің дайындығы тексерілді

baq.kz

Алматы облысында әскерилердің дайындығы тексерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы, Қапшағай, Отар гарнизонының әскери дайындығын пысықтауға арналған оқу-жаттығулар аяқталды. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады. Бұл іс-шараға 8 мыңдай әскери мен 200-ден астам құрлықтық техника және он шақты ұшақ пен тікұшақ жұмылдырылды. Гарнизондар тактикалық, физикалық және нысананы дәлдеп атудан дайындықтарын көрсетті. Шартты түрдегі диверсиялық топтарға қарсы қалай әрекет ету керектігі де пысықталды. Әскери қолбасшылар аталған құрылымдардың түнде жүргізілген ату дайындығын да жоғары бағалады. Сонымен бірге қоймаларда қару-жарақ сақтау мен өрт қауіпсіздігі ережелерінің жіті қадағалануы тексерілді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024