Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қызылордада екі бала дарияға батып кетті

baq.kz

Қызылордада екі бала дарияға батып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында 10 және 13 жастағы екі бала Сырдария өзеніне батып кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Оқиға 11 тамызда сағат 19.10-де Сырдария ауданы аумағындағы Қараөзек стансасы маңындағы дария бойында болған. Облыс орталығында тұратын екі бала белгіленбеген аумақта суға түскен. Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері 2 техникамен іздестіру шарасын бастап кетті. Әзірге олардың мәйіті табылған жоқ. Бұл жерде полицейлер де қызметін атқарды, - деп мәлім етті облыстық ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 сәуір 2024