Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақмола облысында Нұрлан Бекенов 89 пайыз дауыс жинады – cайлау

inform.kz

Ақмола облысында Нұрлан Бекенов 89 пайыз дауыс жинады – cайлау

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында Сенат депутатының сайлауы өтіп, онда ең көп дауысты (89,5 пайыз) Нұрлан Бекенов жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақмола облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуовтың айтуынша, сайлауға барлығы 240 депутат қатысып, қалаған үміткеріне дауыс берді. «Облысымыз бойынша Сенат депутаттығына тіркелген кандидаттардың арасынан Нұрлан Бекеновті жақтап 213 депутат дауыс (89,5 пайыз) берді. Ал, өзге екі кандидат Айнагүл Балташева мен Нұрлан Жаров 13 (5,46 пайыз) және 12 (5,04 пайыз) дауыс жинады. Сондай-ақ, екі бюллетень жарамсыз деп танылды», - деп хабарлады облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024