Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкентте 2,5 ай бұрын жоғалып кеткен жеткіншек қыз Қаскелеңнен табылды

azattyq-ruhy.kz

Шымкентте 2,5 ай бұрын жоғалып кеткен жеткіншек қыз Қаскелеңнен табылды

Шымкенттік полицейлер осыдан 2,5 ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен жеткіншек қызды Алматы облысының Қаскелең қаласынан іздеп тапты, деп хабарлайды Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Шымкенттегі Абай аудандық полиция басқармасына қыздың анасы арызданған. Тәртіп сақшылары оны қала аумағынан таба алмаған соң, республиканың барлық өңіріне бағдар жіберіп, іздеу салды. Іздеу жұмыстары тек жуырда ғана нәтижесін беріп, полицейлер қызды анасына аман-есен табыстады. Жоғалған қыздың Қаскелеңде кіммен бірге тұрғаны және не істегені әзірге айтылған жоқ. Оның анасы полицейлерге алғысын білдірді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024