Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Терекке жүректің суретін ойып салған жігітке айыппұл салынды

inform.kz

Терекке жүректің суретін ойып салған жігітке айыппұл салынды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жас жігіт терекке ойып, жүректің суретін салған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оқиға Хан тоғайында орын алды. Жігіттің қарағайға ойып, жүректің суретін салған әрекеті әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қызу талқыға түсті. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері теректі ойған адамды анықтады. Ол Орал қаласының 1999 жылғы тұрғыны болып шықты. Тұрғынға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 381-1-бабы 2-бөлігіне (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) сәйкес 27 780 теңге көлемінде айыппұл салынды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024