Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Оралда пойыз басып кеткен әйелдің денесі табылды

baq.kz

Оралда пойыз басып кеткен әйелдің денесі табылды

Оқиға Желаев тасжолы аумағында түскі уақытта болған. Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем диспетчеріне қоңырау 22 қыркүйек күні сағат 13.15-те түскенін хабарлады. Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері белгісіз әйелдің мәйітін тауып алған. Олар марқұмның жасы шамамен 50-де болғанын айтады. Дәрігерлер зардап шегушінің аяқ-қолы кесіліп қалғанын жеткізді. Оқиғаға Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі де түсініктеме берді. Олар қылмыстық заңнамаға сәйкес, пойыз қағу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Қалған ақпарат Қазақстан Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024