Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Данэлия Тулешова America's Got Talent шоуының финалында өнер көрсетті

azattyq-ruhy.kz

Данэлия Тулешова America's Got Talent шоуының финалында өнер көрсетті

Қазақстандық жас әнші Данэлия Тулешова АҚШ-та өтіп жатқан әйгілі America's Got Talent шоуының финалында өнер көрсетті. 14 жастағы әнші Sia-ның «Alive» әнін орындады. «Бұл өте күрделі композиция. Дайындыққа уақыт тығыз болғанына қарамастан, осы әнге тоқталдық. Маған қолдау білдірушілерге рахмет», - деді қазақстандық жас өнер жұлдызы. Бүгіннен бастап финалда өнер көрсеткен жас орындаушыларға дауыс беру басталды. Дауыс нәтижесі 24 қыркүйекте белгілі болады. Жалпы, финалған 10 әнші қатысты. Оның алтауы – әртүрлі жастағы жас орындаушылар. Айта кетейік, America’s Got Talent шоуының 15-ші маусымы осы жылдың мамыр айында басталды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024