Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Екі көзі де көрмейтін соқыр жүргізуші куәлігін алды

nege.kz

Екі көзі де көрмейтін соқыр жүргізуші куәлігін алды

Ебін тапқан екі асайды. Екі көзің тас соқыр болса да, жүргізу куәлігін алуға болады екен. 2008 жылы екі көзі бірдей көрмейді деп диагноз қойылған науқас оп-оңай бұл құжатқа қол жеткізген. Мұны байқап қалған прокурорлар «бұл қалай?» деп дабыл қағуда. Алматы, NEGE. Мамандардың айтуынша, жүргізу құжатына ие болған соқырға ешқандай айып тағылмайды. Ал құжатты берген адам жазаға тартылуы тиіс. Оған әкімшілік жаза қолданылуы немесе пара алғаны үшін қылмыстық іс қозғалуы әбден мүмкін. Ресейдің Орынбор облыстың прокуратурасы сотқа арыз түсіріп, соқырды жүргізу куәлігінен айыруды сұраған. Сот бұл өтінішті бірден қанағаттандырған. Соқырдың бұл құжатқа қалай қол жеткізгенін прокурорлар жіті тексермек.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024