Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ұлыбритания карантин жарияламау үшін айыппұлды көбейітті

adyrna.kz

Ұлыбритания карантин жарияламау үшін айыппұлды көбейітті

Екінші рет карантин жарияламас үшін Ұлыбритания санитарлық талаптарды орындамағандарға салынатын айыппұлды ұлғайтты. Оның ең жоғары мөлшері 10 мың фунтқа дейін барады. Бұл жақта қатаң шектеу кемі жарты жыл болады деп күтілуде. Бетперде тақпағандар 200 фунт төлейді. Бұл біздің валютаға шаққанда 112 625 теңгеге тең, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы atameken.business-ке сілтеме жасап. Вирустың таралуына жол бермес үшін Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон елге шама келгенше үйден шықпай жұмыс істеуге кеңес берді. Сондай-ақ, елдегі мектептер мен медициналық орталықтарда тәртіп күшейтіледі. Ал қоғамдық орындарда 15 адамнан артық жиналуға тыйым салынған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024