Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Данэлия Тулешова America's Got Talent байқауының финалында жеңілді

azattyq-ruhy.kz

Данэлия Тулешова America's Got Talent байқауының финалында жеңілді

Қазақстандық жас әнші Данэлия Тулешова АҚШ-та өткен дәстүрлі America's Got Talent байқауының финалында жеңілді. Бас жүлде және 1 миллион доллар америкалық әнші Брендан Ликке бұйырды. Байқау нәтижесі әлеуметтік желілердегі America's Got Talent парақшасында ресми жарияланған. Еске салайық, Лос-Анджелес қаласында осымен 15-рет ұйымдастырылған America's Got Talent байқауының финалы 22 қыркүйекте өткен болатын. Оны NBC телеарнасы тікелей эфирде көрсетті. Данэлия ақтық сында америкалық әнші Sia-ның Alive әнін орындады. Финалда барлығы 10 әнші өнер көрсетті. Олардың бәрін көрермендер онлайн дауыс беру арқылы іріктеп алған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024