Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Bank RBK-ден 144 млрд жымқырған Жомарт Ертаев 11 жылға сотталуы мүмкін

baq.kz

Bank RBK-ден 144 млрд жымқырған Жомарт Ертаев 11 жылға сотталуы мүмкін

Бұл туралы Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ертаев өз кінәсін мойындап, қылмыстық істі тергеуде атсалысқан, келтірілген шығынды ішінара өтеген, әрі кәмелет жасқа толмаған балалары бар. Осы жайттарды ескере отырып, айыптаушы жақ оған 11 жыл беруді сұрады. Экс-банкирден бөлек қылмыстық іске 36 адамның қатысы бар. Прокурор ескіру мерзімі өтіп кеткендіктен, екі сотталушыға қатысты қылмыстық тергеуді тоқтатуды сұрады, сондай-ақ бір сотталушы қайтыс болғандықтан, оған қатысты қылмыстық істі тоқтатуды өтінді. Сонымен қатар, айыптаушы тарап 4 сотталушыға бір жылдан бас бостандығынан айыру, ал қалғандарына 1 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын беру ұсынды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024