Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда 1 715 науқас коронавирустан көз жұмған - Бағдат Қожахметов

inform.kz

Қазақстанда 1 715 науқас коронавирустан көз жұмған - Бағдат Қожахметов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды баян етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «25 қыркүйектегі мәлімет бойынша, елімізде коронавирус ауруымен ауырған азаматтардың саны 107 590-ға жетті. Оның ішінде 95,1 пайызы немесе 102 360 науқас жазылып шықты. 3515 адам ем қабылдауда. Өкініштісі, 1715 азамат қайтыс болды. Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясы 61 адамнан анықталды», - деп хабарлады Бағдат Қожахметов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, ПТР тест теріс нәтиже көрсеткен 31 991 науқас тіркеліп, оның ішінде 26 914-і емделіп шықты. Қайтыс болғандардың саны – 347.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024