Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Атырауда карантин енгізілгелі алғаш рет ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

inform.kz

Атырауда карантин енгізілгелі алғаш рет ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда алғашқы күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жәрмеңкеге 26 шаруа қожалығы мен жергілікті тауар өндірушілер қатысқан. Қала тұрғындары мен қонақтарына базар нарқынан төмен бағамен сүт, көкөніс, ет өнімдері ұсынылды. «Азық-түлік жәрмеңкесінде 2,3 тонна картоп, 1,4 тонна сәбіз, 1,52 тонна пияз, 900 килограмм қырыққабат, 400 килограмм ет, 350 литр сүт және басқа да өнімдер сатылды» деп хабарлады Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі. Жәрмеңкеге келушілерге 500 тегін маска таратылған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024

Басқа жаңалықтар

Басқа жаңалықтар