Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Арменияда соғыс жағдайы жарияланды

azattyq-ruhy.kz

Арменияда соғыс жағдайы жарияланды

Арменияда Карабахтағы жағдайға байланысты соғыс жағдайы жарияланып, мемлекеттің қарулы күштері бейбітшілік жағдайдан соғыс жағдайына көшірілді. Бұл туралы мемлекеттің Премьер-министрі Никол Пашинян Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды «Үкіметтің шешімімен Арменияда соғыс жағдайы орнап, мемлекеттің қарулы күштері бейбітшілік жағдайдан соғыс жағдайына көшірілді. Бұл шешім ресми түрде жарияланғаннан кейін өз күшіне енеді», - деп жазды Никол Пашинян. Айта кету керек, Әзербайжан Қорғаныс министрлігі жексенбі күні Армения қарулы күштері Карабахтағы елді мекендерге оқ атқанын, ел азаматтарының арасында қайтыс болғандар бар екенін мәлімдеді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024