Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тараздағы темір жол вокзалы күрделі жөндеуден өтеді

inform.kz

Тараздағы темір жол вокзалы күрделі жөндеуден өтеді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – «Қазақстан темір жолы»ҰК» акционерлік қоғамы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа облыс орталығындағы теміржол вокзалының бас ғимаратын күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жоспарын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Жолаушылар платформасы мен вокзал маңындағы аумақтар ретке келтірілмек. Теміржол вокзалы 1986 жылы салынған. Аумағы 2,5 мың шаршы метрден асатын вокзал ғимаратына соңғы күрделі жөндеу 2013 жылы жүргізілген. Биыл ҚТЖ бас ғимараттың қасбетін, ішкі жайларын және жолаушылар терминалын қайта жаңартуды жоспарлап отыр. Компания өкілдері Бердібек Сапарбаевқа әзірленген күрделі жөндеу жобасын таныстырды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024