Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазан айында Баян-Өлгейде «Бүркітшілер тойы» өтеді

inform.kz

Қазан айында Баян-Өлгейде «Бүркітшілер тойы» өтеді

ҰЛАН-БАТЫР. ҚазАқпарат - Моңғолияның бүркітті аңшылар қауымдастығы ұйымдастыратын жыл сайынғы «Бүркітшілер тойы» 3-4 қазан күндері Баян-Өлгей аймағында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Осымен 21 мәрте өткізілетін туристік іс-шара Қоршаған орта және туризм министрлігімен, Баян-Өлгей аймақ басшысының әкімшілігімен бірлесіп ұйымдастырылады. Фестиваль кезінде 60-тан аса аңшы сайысқа түсіп, көрермендерге құсты басқара алу және оның көмегімен аң алу шеберлігін көрсетеді. Сондай-ақ, шара аясында түрлі жарыстар, қойылымдар және қазақтың ұлттық ойындары өткізіледі.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024