Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елордада 2 баланы анасына қайтармай қашып жүрген ер адам іздестірілуде

inform.kz

Елордада 2 баланы анасына қайтармай қашып жүрген ер адам іздестірілуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы прокуратура қызметкерлері екі баланы анасына қайтармай, яғни сот шешімін орындамай қашып жүрген ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Ж. атты азаматша өзінің бұрынғы күйеуінен 10 және 11 жастағы балаларын ала алмай жүр. Ана ретінде ол балаларын өзі қарауына алғысы келеді. Алайда бұрынғы күйеуі бұл ниетіне барынша кедергі келтіруде. Әйел алдымен сотқа жүгініп көргенімен оның бұл арызы қанағаттандырылмаған. Себебі қамқорлық құқығы әу баста ер адамға берілген», - деп хабарлайды Жеке сот орындаушыларының Нұр-Сұлтан қалалық палатасынан. Кейін аппеляциялық инстанция сот-психологиялық сараптама негізінде алдыңғы сот шешімін өзгертіпті.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024