Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алтын маска таққан кәсіпкер қайтыс болды

nege.kz

Алтын маска таққан кәсіпкер қайтыс болды

Алтыннан құйылып жасалған маска таққан үндістандық кәсіпкер қайтыс болды. Алматы, NEGE. Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, Үндістанның Пимпри-Чинчвад провинциясында тұратын Шанкар Кураде коронавирус жұқтырып, асқынған пневмониядан көз жұмды. 49 жастағы кәсіпкер коронавирустан қорғану үшін салмағы 60 г болатын алтын маскаға тапсырыс берген. Оны жасауға 8 күн кеткен, ал құны 4 мың АҚШ долларын құрады. «Бұл – тыныс алуыма мүмкіндік беретін ұсақ тесіктері бар алтыннан жасалған жұқа маска. Мені коронавирустан қаншалықты тиімді қорғайтынына сенімді емеспін, бірақ мен басқа да сақтық шараларын қолданып жүрмін», - деген болатын Кураде.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024