Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Таразда 4 жасар бала бесінші қабат баспалдағынан құлап кетті

inform.kz

Таразда 4 жасар бала бесінші қабат баспалдағынан құлап кетті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда 4 жасар бала көпқабатты үйдің баспалдақ алаңында бесінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оқиға 13-шағынаудандағы 5 қабатты үйлердің бірінде болды. «Ата-анасының қарауынсыз қалған төрт жасар қыз баспалдақ жақтауы арасындағы ашық жерден төменге құлаған. Ол бесінші қабаттан екіншіге түскен. Зардап шеккен қыз ауыр халде қалалық балалар ауруханасына жеткізілді», - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен. Сондай-ақ, ведомство тұрғындарды абай болуға шақырып, баспалдақ – бұл қозғалысқа ыңғайлы құрал ғана емес, сонымен қатар балалар үшін жоғары қауіпті объект екендігін ескертеді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024