Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қырғызстан Қытайға қарызын қайтаруға дайындалып жатыр

baq.kz

Қырғызстан Қытайға қарызын қайтаруға дайындалып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанда мемлекеттің Қытайға қарызын өтеу үшін ақша жинау туралы ұсыныстар айтылды. Бұл туралы 19 қазанда Жогорку Кенеш депутаты, "Әйелдер кеңесі" қоғамдық бірлестігінің басшысы Айнұр Алтыбаева хабарлады, деп жазады centralasian.org. Қыркүйекте Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И Қырғызстанда ресми сапармен болды. Қырғызстанның сол кездегі президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесуде Пекинге берешекті төлеу мерзімін созу мәселесі талқыланған. Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, Қырғызстан сыртқа 4 млрд 169,6 млн доллар (320 млрд 39,21 млн сом) қарыз. Соның 1 млрд 776,29 млн доллары (42,6%) Қытайдың Эксимбанкінен несие ретінде алынған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024