Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Санжар Мұсаев садақ атудан Қазақстан чемпионы атанды

baq.kz

Санжар Мұсаев садақ атудан Қазақстан чемпионы атанды

Алматы облысындағы «Ақбұлақ» Олимпиадалық орталығында садақ атудан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Республикалық маңызды жарыста ерлер мен әйелдер, сондай-ақ жастар арасында садақшылар өзара мықтыны анықтап жатыр. Садақ атудың классикалық санаты бойынша ерлер арасында Алматы облысының өкілі Санжар Мұсаев үздік танылды. Оның командаласы Ильфат Абдуллин екінші орыннан көрінсе, шымкенттік Фуркат Гульматов үшінші болды. Ал әйелдер арасында Алматы облысының спортшысы Гаухар Игібаева жеңімпаз атанды. Шымкенттік Анастасия Туркина екінші, Александра Воропаева үздік үштікті қорытындылады. Айта кетерлігі, 28 қазанда басталған ел біріншілігі 4 қарашаға дейін жалғасады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 сәуір 2024