Теңге бағамы нығайды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2 желтоқсан кешімен салыстырғанда 2,61 теңгеге төмендеп, 1 доллар 422,66 теңге болған. Ұлттық банктің 3 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 425,49 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 424,49 теңге, сатып алу –422,84 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 424,69 теңгеден болса, ал сатып алу –423,28 теңгені құрайды.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
18 сәуір 2024
18 сәуір 2024
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар