Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкентте ер адам үшінші қабаттан құлап кетті

inform.kz

Шымкентте ер адам үшінші қабаттан құлап кетті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте ер адам үшінші қабаттан дүкеннің шатырына құлап кеткен. Құтқарушылар көпқабатты үймен іргелес орналасқан дүкеннің шатырына шығып, зембілдің көмегімен зардап шегушіні жерге түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 16 шағын аудандағы Шаяхметов көшесінде болған. Тұрғындар дүкеннің шатырына құлаған адамды көріп, көмекке құтқарушыларды шақырған. «Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 1988 жылы туған ер адамның абайсызда үшінші қабаттан құлап кеткенін анықтаған. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді» делінген хабарламада.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024

Басқа жаңалықтар

Басқа жаңалықтар