Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

“Мәселе – ниетте”: Тоқаев қазақ тілін білмейтіндерге үндеу жасады

altyn-orda.kz

“Мәселе – ниетте”: Тоқаев қазақ тілін білмейтіндерге үндеу жасады

Қасым-Жомарт Тоқаев “Егемен Қазақстан” газетінде жарияланған мақаласында тілге қатысты бірқатар мәлелелерді қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. “Еліміздің басты нышандарының бірі – мемлекеттік тіл. Қазақстанның мемлекеттік тілі қазақ тілі екені Ата заңымызда 90-жылдардағы күрделі кезеңнің өзінде нақты жазылған. Біз тәуелсіздік дәуірінде ана тілімізді дамыту үшін барлық жағдайды жасадық. Осы аралықта қазақ тілінде білім беретін мектептер мен оқу орындарының, балабақшалардың саны еселеп көбейді”, – дейді Тоқаев.   Мемлекет басшысы тілдің бүкіл халықты біріктіретін құндылық екенін атап өтті . Оған қоса, мемлекеттік тілді үйрену маңыздылығын түсіндірді.  “Бүгінде мемлекеттік тілді білетін қазақтың да, өзге этнос өкілдерінің де үлесі едәуір артты. Қазақ тілін, шын мәнінде, бүкіл халқымызды біріктіруші факторға айналдырудың барлық құқықтық тәсілдері және кепілдіктері қалыптасты. Мәселе – ниетте. Ниеттің дұрыс болуы қазақ тілін меңгергісі келетін адамдарға да, осы мақсатқа жетуге жағдай жасайтын Үкіметке де байланысты”, – дейді  мемлекет басшы.  
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 шілде 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар