Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазаққа ұлан-ғайыр аумақты ешкім сыйға тартқан жоқ – Мемлекет басшысы

altyn-orda.kz

Қазаққа ұлан-ғайыр аумақты ешкім сыйға тартқан жоқ – Мемлекет басшысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Егемен Қазақстан” газетінде жарияланған мақаласында Қазақстанның шекарасы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  “Бабалардан мұра болған қасиетті жеріміз – ең басты байлығымыз. Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ. Бүгінгі тарихымыз 1991 жылмен немесе 1936 жылмен өлшенбейді. Халқымыз Қазақ хандығы кезінде де, одан арғы Алтын Орда, Түрік қағанаты, Ғұн, Сақ дәуірінде де осы жерде өмір сүрген, өсіп-өнген. Қысқаша айтқанда, ұлттық тарихымыздың терең тамырлары көне заманның өзегінде жатыр. Жалпы, тарихпен саясаткерлер емес, тарихшылар айналысуы керек”, – дейді Тоқаев.   Ел шекарасы ресми түрде бекітілгенін айтқан мемлекет басшысы оны өзгертуге ешкімнің құқы жоқ екенін айтты.  “Шекара сызығын ресми түрде халықаралық шартпен бекітіп, оны әлем жұртының мойындауы соңғы бірнеше ғасырда үрдіске айналды. Оған дейін қазіргідей делимитация, демаркация деген ұғымдар болмаған”, – дейді мемлекет басшысы. 
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 шілде 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар