Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркияда бір миллионнан астам адам вакцина салдырды

nege.kz

Түркияда бір миллионнан астам адам вакцина салдырды

Бұған дейін Түркияда бір миллионнан астам адам салдырса, бүгін «Корона-Вак» екпесінің 10 миллионнан астам дозасы жеткізіледі. Алматы, NEGE. Бұл туралы осы елдің президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді. Қытайлық вакцинаның 3 миллион дозасын қамтыған бірінші партиясы өткен жылдың аяғында келген болатын. Жалпы Түркияда вакциналау науқаны 14 қаңтарда басталды. Содан бері 1 миллионнан астам адам екпе салдырған. Препаратты бірінші кезекте медицина қызметкерлері мен қарттар қабылдауда. Естеріңізге сала кетейік, Түркияда індет басталғалы бері 24 мыңға жуық тұрғын қайтыс болып, 2 жарым миллиондайы коронавирус жұқтырған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024