Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Семейде полицейлер 4 адамды өрттен құтқарды

inform.kz

Семейде полицейлер 4 адамды өрттен құтқарды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 2 полиция қызметкері 4 адамды өрттен құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 24 қаңтарда сағат 02.48-де Пархоменко көшесіндегі жер үйден өрт шыққаны жайлы хабар түскен. Қызыл жалын үйдің кіреберісі мен шатырдың ағаш құрылымдарын шарпыды. Өрттің жалпы аумағы 70 шаршы метрге жеткен. «Өрт сөндірушілер келіп жеткенше сол маңайда жүрген полиция қызметкерлері Диас Ағзамов пен Азамат Ибрайханов терезе арқылы ішке кірген. Жедел қимылдаған сақшылар 1963 жылғы ер адамды, оның 1967 жылғы әйелін, 18 жастағы ұлын және 90 жастағы әкесін сыртқа алып шықты. Оларға ешқандай зақым келген жоқ»,
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024