Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Оралда балалар мінген 2 мектеп автобусы қар құрсауында қалды

inform.kz

Оралда балалар мінген 2 мектеп автобусы қар құрсауында қалды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда қар құрсауында қалған 24 адам эвакуацияланды, соның 18-і – балалар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 4 наурыз күні сағат 20.30-да Новостройка кентінен 4 шақырым жерде Деркөл-Ветелки ауылдық жолында болды. ТЖ департаментінің күшімен қар құрсауында қалған 2 «ПАЗ» мектеп автобусы мен 7 жеңіл көлік Новостройка кентіне (22 адам, соның 17-сі – балалар) және Подхозға (2 адам, біреуі – бала) жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. БҚО ТЖД қазіргі кезде боранға байланысты республикалық және облыстық жолдар барлық көлік түрлері үшін жабық екендігін хабарлады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024