Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкентте тозығы жеткен үйлер сүріліп, орнына жаңа үйлер бой көтереді

kz.otyrar.kz

Шымкентте тозығы жеткен үйлер сүріліп, орнына жаңа үйлер бой көтереді

Өзекті мәселені шешу жолдары бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековтің төрағалығымен өткен мәжіліс барысында қаралды. Тозығы жеткен үйлердің 18–і Т.Әлімқұлов көшесі бойындағы 2 қабатты үйлер. Мәжіліс барысында 50-60 жылдары соғылған үйлерді сүріп, жаңасын соғу жайы қарастырылды. -Тозығы жеткен үйлердің жыртығын жамап, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы мәселені түбегейлі шеше алмаймыз. Дұрысы оларды сүріп, орнына жаңа тұрғын үйлерді соғуымыз қажет. Нәтижесінде шаһардың сәулетіне де сән келеді. Іске кіріспес бұрын әр тұрғынның пікірін жеке тыңдап, қалауымен санасатын боламыз. Құрылыс кезінде уақытша баспанамен қамтамасыз етіледі немесе орнына тең пәтер қарастырылады
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024