Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қостанайда бірінші ауысымда оқитын оқушылардың сабағы тоқтатылады

azattyq-ruhy.kz

Қостанайда бірінші ауысымда оқитын оқушылардың сабағы тоқтатылады

9 наурыз күні қостанайлық мектептердің бірінші ауысымында оқитын оқушылар қашықтан оқу режиміне ауысады, деп хабарлайды Мектеп оқушылары мен олардың ата-анасына арналған бұл ақпаратты Қостанай қалалық білім бөлімі жариялады. «Ауа райының қолайсыздығы мен қатты жел соғуына байланысты 9 наурыз күні бірінші ауысымда оқитын оқушылар қашықтан оқу режиміне ауысады», - делінген хабарламада. Синоптиктер дерегінше, Қостанай облысында сейсенбі күні жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді. Өңірде түнде ауа температурасы -3, күндіз -5 градус болады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024