Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкентте бір аптада 20 мың түп ағаш отырғызылды

baq.kz

Шымкентте бір аптада 20 мың түп ағаш отырғызылды

Бұл күні Абай ауданының аумағына 20 мың түп қарағаш пен жыңғыл ағашы отырғызылды. Көшеттер Ақжар тұрғын алабына дейінгі көшенің бойына, мұсылман мазаратының маңына және Бадам өзенінің жағалауы сынды жерлерге егілді. Сонымен қатар, аудандағы 72 аулаға 3 мың түп раушан гүлі егілді. Бұл жұмыстарға көпқабатты тұрғын үй тұрғындары мен әкімдік қызметкерлері қатысты. Бұл күні қала әкімдігінің құрылымдық 10-нан астам басқарма қызметкерлері Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябағына тазалық жұмыстарын жүргізді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024