Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Сұлтан Азия чемпионы атанды

baq.kz

Сұлтан Азия чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында грек-рим күресінен өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы күні Қазақстан құрамасы үш жүлдеге иелік етті. egemen.kz сайтының мәліметіне қарағанда, барлық қарсыласын қапы қалдырып, ақтық сынға дейін алқынбай жеткен Сұлтан Әсетұлы мен Әлімхан Сыздықов бас жүлде үшін таласты. 63 кило салмақтағы Әсетұлы осыған дейін тайпейлік Чжу Чи Хуан және сириялық Мұхаммед Фуаздытырп еткізбей жеңген болатын. Финалда ол ирандық Мейсам Далханимен күш сынасты. Таразы басы ұзақ уақыт бойы теңселіп тұрған бәсекенің тағдыры екінші кезеңінің бел ортасында шешілді. Қарсыласын жамбасқа салған Сұлтан айқын жеңіске қол жеткізіп, Азия чемпионы атанды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024