Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Бекіре-2021»: Оралда екі жарым тонна балық тәркіленді

baq.kz

«Бекіре-2021»: Оралда екі жарым тонна балық тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралдық полицейлер «Бекіре» жедел алдын алу шарасы кезінде 2 жарым тонна балық тиеген көлікті ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24». Бударин ауылының маңында Газель көлігін тексерген кезде жүргізушіде ешқандай құжат болмай шықты. Қазір тәркіленген балық істің мән-жайы анықталғанға дейін уақытша сақтауға қойылды. Кінәсі анықталған жағдайда күдіктіге айыппұл салынады немесе 2 жылға дейін бостандығы шектелуі мүмкін. Бұл жерде айта кететіні, барлық тәркіленген балықтың 50 келіден астамы бекіре тұқымдас балық болатын. Қазіргі таңда аталған жайтқа қатысты ҚК 196-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде, – дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің бас маманы Мөлдір Садырғали
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024