Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Екі жасар қызымен бірге жоғалып кеткен жүкті келіншек табылмай жатыр

aikyn.kz

Екі жасар қызымен бірге жоғалып кеткен жүкті келіншек табылмай жатыр

Ерікті Ислам Угушев: «Телефоны әлі күнге дейін өшірулі. Қаланың түкпір-түкпірінен іздестіріп жатырмыз. Әйелді біз жақсы танимыз. Сондықтан барымызды салып, күні-түні іздейміз. Ол шаһардың сыртына шықпады деп ойлаймыз. Себебі, әлеуметтік желіде «Сәнияға қатты ұқсайтын әйелді көрдік» деген хаттар көп келіп жатыр. Жоғалған әйел мен оның қызын көрген-білген адам болса, хабар беруін сұраймыз», – дейді. 26 жастағы әйелді соңғы рет Сәтпаев пен Достық көшелерінің қиылысында көргендер бар. Еріктілер мен келіншектің туыстары табылып қалар деп үмітеніп отыр. Жоғалған жүкті келіншектің құрсағында сегіз айлық сәбиі бар. Ал Сәния Түсееваның күйеуі үйден безетіндей «арамызда жанжал болмады» деп сендірді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 сәуір 2024