Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елорданың Есіл ауданында қураған шөп өртенді

24.kz

Елорданың Есіл ауданында қураған шөп өртенді

Елорданың Есіл ауданында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«21:19-да астаналық өрт сөндірушілер Есіл ауданындағы 128-көшеде шыққан өртті сөндіруге аттанды. Онда қураған шөп жанған. Жеке құрамнан 30 адам 6 техникамен тілсіз жаудың бетін қайтаруға күш салды. Сондай-ақ, оқиға орнына әкімдіктен 4 су шашқыш машина жіберілді» деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Төтенше жағдайлар департаменті өртті сөндіруге үдей соққан жел айтарлықтай кедергі келтіргенін мәлімдеген. Жапа шеккендер мен қаза болғандар жоқ. 22:16-да өрт сөндірілді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024