Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Күйеулері көз тастаған бойжеткенді екі әйел сабап тастады

nege.kz

Күйеулері көз тастаған бойжеткенді екі әйел сабап тастады

Көкшетауда екі әйел қызғаныштан бір қызды ауыр соққыға жықты, деп хабарлайды zakon.kz. Көкшетау, NEGE. Полицияға 18 жастағы қыз арызданды. Ол 15 сәуірде кафенің бірінде белгісіз әйелдер өзіне қол жұмсап, дене жарақатын салғанын айтты. Жауап алу барысында жәбірленушінің құрбысының туған күнін кафеде атап өткені белгілі болды, біраз уақыттан кейін белгісіз ер адамдар олардың үстеліне келіп, ілтипат білдіре бастайды. Кейіннен жәбірленуші баспалдақпен төменге түсіп бара жатқанда танымайтын екі әйел оған тап берген, - деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі. Полиция шабуыл жасаған әйелдердің кім екенін анықтады. Осылайша, олар өз "бәсекелестерін" сабасына түсіру туралы шешім қабылдапты.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024