Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Талдықорғанда қар жауды

inform.kz

Талдықорғанда қар жауды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорғанда қар жауды. Ауа температурасы күрт төмендеп, қазір термометр бағамы -2 градусты көрсетіп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Айта кетейік, Алматы облысының орталығында сәуір айынан бері күн күрт жылып, айнала жасыл желекке айналған. Ауа-райының тосын мінезін күтпеген шаһар тұрғындары қарды қызықтап, түрлі бейнероликтер түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеп жатыр. Жалпы Қазгидромет мамандарының алдағы күндерге болжамы бойынша Талдықорғанда қар жаумайды. Ал мамандар бүгінгі жауған қар сулы болғандықтан, тез еріп кетеді деп отыр.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024