Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Павлодарлық тұрғынның мұздатқышынан гашиш табылды

azattyq-ruhy.kz

Павлодарлық тұрғынның мұздатқышынан гашиш табылды

Павлодарлық тұрғынның мұздатқышынан гашиш табылды, деп хабарлайды "Өңірде есірткі қылмысына қарсы күрес жалғасуда. Облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 44 жастағы павлодарлықтың мұздатқышынан өзіндік иісі бар өсімдік тектес түйіншекті тәркіледі. Сараптама нәтижесі алынған заттың салмағы 840 грамм гашиш есірткі заты екенін көрсетті", - деді Павлодар облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы, полиция майоры Ирина Темірғалиева. Айта кету керек, ағымдағы жылы есірткінің заңсыз айналымы саласында 55 қылмыс анықталды. Оның ішінде 52 факт есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өткізумен байланысты.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024