Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтауда ер адам дүкенге шабуыл жасап, сатушы әйелді аяусыз тепкілеген

inform.kz

Ақтауда ер адам дүкенге шабуыл жасап, сатушы әйелді аяусыз тепкілеген

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда ер адам дүкенге шабуыл жасап, сатушы әйелді соққыға жығып, ес түссіз қалғанда аяусыз тепкілеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түнгі 03:07-лер шамасында Ақтау қаласы Полиция басқармасының 102 кезекші пультіне белгісіз ер адам дүкен сатушысына қарақшылық шабуыл жасап, ақшасын, ұялы телефонын ұрлап кеткендігі туралы хабарланды. Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының қызметкерлері барды, олар қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні жедел ұстады. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 192-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті Ақтау қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024