Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан құрамасы Косово командасымен жолдастық матч өткізеді

azattyq-ruhy.kz

Қазақстан құрамасы Косово командасымен жолдастық матч өткізеді

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз хатшысы Ермұхамед Мәулен Қазақстан мен Косово құрамалары арасында жолдастық кездесу өткізу туралы келіссөз сәтті аяқталғанын, UEFA бұл ойынның өтуіне рұқсатын бергенін хабарлады. Қазақстан ұлттық құрамасы 4 маусымда Косово құрамасымен жолдастық матч өткізеді. Ойын Косово астанасы Приштина қаласындағы «Фадиль Вокри» стадионында ойналады деп жоспарланып отыр. Айта кетуіміз керек, Косово мен Қазақстан құрамалары осы кезге дейін еш кездесу өткізбеген. Десе де, Косово құрамасының ойыншысы Бернард Бериша Марат Быстровпен бірге «Ахмат» командасында ойнайды. Ал Косово құрамасының басты жұлдызы «Лацио» шабуылшысы Ведат Мурики екенін айта кетейік.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024